Қазақстан секіру спортынан алғашқы Азия чемпионатына баратын құрамын жариялады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ҚР ҰОК

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстанның жеңіл атлетика құрамасы секіру дисциплиналары бойынша алғашқы Азия чемпионатына қатысады. Турнир Қытайдың Чунцин қаласында 18 мамыр күні басталады.

Ұлттық құрама сапына бес спортшы енді.

Биіктікке секіруде Қазақстан намысын Надежда Дубовицкая мен Елизавета Матвеева қорғайды. Ұзындыққа секіруде Анастасия Рыпакова өнер көрсетеді. Үш қарғып секіруде Мария Ефремова бақ сынаса, сырықпен секіруде Полина Иванова додаға түседі.

Жарыстың алғашқы күнінде Матвеева, Дубовицкая және Рыпакова жарыс жолына шығады.

Анастасия Рыпакова — 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың қызы. Ольга Рыпакова Лондонда өткен Олимпиада ойындарында үш қарғып секіруден алтын жүлде жеңіп алды.

Қазақстан секіру спортынан алғашқы Азия чемпионатына баратын құрамын жариялады – sport-hub