Спорт тарихындағы 18 мамыр: Бубликтің титулы, Қазақстанның Исламиададағы триумфы және Усиктің жеңісі

Ульяна Калиаскар··
Спорт тарихындағы 18 мамыр: Бубликтің титулы, Қазақстанның Исламиададағы триумфы және Усиктің жеңісі

18 мамыр спорт тарихында Александр Бубликтің титулымен, Қазақстанның алтын медальдарымен, Александр Усиктің жеңісімен және басқа да маңызды оқиғалармен есте қалды.

Бубликтің Италиядағы триумфы

2025 жылдың осы күні қазақстандық теннисші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик Италияның Турин қаласында өткен топырақтағы «Челленджер» турнирінде алтыншы титулын жеңіп алды. Финалда ол Қытай өкілі Бу Юньчаокэтэден 6:3, 6:3 есебімен басым түсті.

Қазақстандықтар Исламиаданы бағындырды

2017 жылы қазақстандық боксшылар Азат Махметов (52 кг) пен Тұрсынбай Құлахмет (75 кг) Бакуде өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында қос алтын медальды қоржынға салды. Финалда Махметов 2012 жылғы Олимпиада қатысушысы марокколық Абдельали Дарааны жеңді. Ал Құлахмет Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Камран Шахсуварулыға басымдық танытты.

Әлем чемпионатындағы жетістік!

2025 жылы қазақстандық Айбота Ертайқызы Сингапурда өткен көркем гимнастикадан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

«Кәрі синьораның» жаңа межесі

2014 жылы «Ювентус» бір маусымда 100 ұпайдан асыра жинаған алғашқы италиялық клуб атанды. А сериясының 38-туры аясында «Кальяриді» 3:0 есебімен жеңгеннен кейін туриндік клуб 2013/2014 маусымын 102 ұпаймен аяқтады.

Аңызға айналған трилогияның басталуы

2024 жылы украиналық боксшы Александр Усик (24-0, 15 KO) аса ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін алғашқы жекпе-жегін өткізді (WBC, WBA, WBO, IBF). Эр-Риядтағы бокс кешінде оның қарсыласы британдық Тайсон Фьюри (35-2-1, 24 KO) болды. Нәтижесінде Александр төрешілердің екіұдайы шешімімен жеңіске жетті. Айта кетейік, аса ауыр салмақта 2000 жылдан бері абсолютті чемпион болмағандықтан, Усик пен Фьюри арасындағы алғашқы айқас тарихи мәртебеге ие болып, олардың трилогиясына жол ашты.

ЦСКА-ның тарихи жеңісі

2005 жылы Лиссабонда ЦСКА мен «Спортинг» (3:1) арасында матч өтті. Мәскеулік клуб УЕФА кубогын жеңіп алып, бұл жетістікке жеткен алғашқы ресейлік команда атанды.

1994 жылғы 18 мамыр — Чемпиондар лигасы финалындағы күтпеген нәтиже

Чемпиондар лигасының финалында Италияның «Милан» клубы Йохан Кройф баптаған «Барселонаны» күтпеген жерден 4:0 есебімен тас-талқан етті. Оған дейін Ла Лиганы жеңген «Барселона» матч фавориті саналған еді.

Тарихи жекпе-жек

2002 жылы АҚШ-та канадалық Артуро Гатти мен ирландиялық Микки Уорд арасындағы аңызға айналған трилогияның алғашқы жекпе-жегі өтті. Уорд төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Бокс тарихындағы ең жанкешті әрі көрерменге әсерлі айқастардың бірі The Ring нұсқасы бойынша «Жыл жекпе-жегі» атанды.

Футбол бәсекесі

1991 жылы «Тоттенхэм Хотспур» футболшылары «Ноттингем Форестті» 2:1 есебімен жеңіп, Англия кубогын сегізінші рет иеленді.

Хоккей рекорды

1986 жылы «Монреаль Канадиенс» шабуылшысы Брайан Скрудлэнд овертайм басталғаннан кейін 9 секунд ішінде «Калгари Флеймз» қақпасына шайба соқты. Бұл гол ҰХЛ плей-офф овертаймдары тарихындағы ең жылдам гол болып саналады.

Осы күні дүниеге келгендер

2002 жыл — Алина Загитова, ресейлік мәнерлеп сырғанаушы, 2018 жылғы Олимпиада чемпионы;

1987 жыл — Рикарду Карвалью, «Челси» мен «Реал Мадридтің» аңызы, Еуропа чемпионы, Чемпиондар лигасының жеңімпазы («Порту»);

1960 жыл — Янник Ноа, француз теннисінің жұлдызы, ATP турнирлерінің жекелей сында 23, жұптық сында 16 дүркін жеңімпазы. Оның ұлы Иоаким Ноа НБА жұлдызына айналды.