Қазақстан соккадан Еуропа чемпионатының финалында Испанияға жол берді

Бегасыл Амирбай ··
Фото: ҚФФ

Фото: ҚФФ

Қазақстанның сокка құрамасы Албанияда өткен Еуропа чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

Финалдық матчта қазақстандық команда Испания құрамасына 1:2 есебімен есе жіберді. Қазақстан құрамасы сапынан жалғыз голды кездесудің 36-минутында Диас Усеинов соқты.

Қола медаль үшін өткен ойында Сербия құрамасы Венгрияны 2:0 есебімен жеңді.

Топтық кезеңде Қазақстан Португалияны 1:0 есебімен ұтып, Латвиямен 0:0 және Украинамен 2:2 есебімен тең түсті. Плей-офф кезеңінде ел құрамасы Германияны 4:0, Польшаны 1:0 және Венгрияны 2:0 есебімен жеңді.

Сокка — 6×6 форматындағы футбол түрі. Матчтар ауданы 50×30 метрлік алаңда өтіп, екі таймға бөлінеді. Әр таймның ұзақтығы — 20 минут. Алаңдағы әр команда құрамында бір қақпашы және бес алаң ойыншысы болады.

Қазақстан соккадан Еуропа чемпионатының финалында Испанияға жол берді – sport-hub