Қазақстан су добынан әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: World Aquatics

Фото: World Aquatics

Қазақстанның су добынан U-16 құрамасы Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Топтық кезеңнің екінші матчында қазақстандық ватерполшылар Сингапур құрамасымен кездесті. Негізгі уақыт тең есеппен аяқталып, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Бұл кезеңде Қазақстан өкілдері дәл ойнап, 16:15 есебімен жеңіске жетті.

Матчтың үздік ойыншысы ретінде Ернар Тілекқабыл танылды. Еске сала кетейік, турнирдің алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы Мысыр командасына 9:14 есебімен есе жіберген болатын.

Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 5 тамыз күні Уругвайға қарсы өткізеді. Турнир 9 тамызда аяқталады.