Қазақстан U-16 Грузиядағы турнирде «Ибериямен» тең түсті

ҚФФ
Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Batumi Cup-2026 халықаралық турниріндегі екінші матчында грузиялық «Иберия 1999» командасымен тең ойнады.
Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасы сапындағы жалғыз голды Дастан Рүстем соқты. Бұл оның турнирдегі екінші голы болды.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы алғашқы матчта «Динамо Батуми» командасын 5:0 есебімен ойсырата жеңген еді. Сол кездесуде Дастан Рүстем мен Сержан Жанмұрат және Максим Боне гол соқса, Мансұр Ақылбек дубль авторы атанды.
Екі ойыннан кейін Қазақстан құрамасы бір жеңіс пен бір тең нәтижеге қол жеткізіп, әлі жеңіліс тапқан жоқ. Команданың голдар айырмасы — 6:1.
Қазақстандық жас футболшылар турнирдегі соңғы матчын 9 қазанда испаниялық «Вильярреалға» қарсы өткізеді.