Қазақстан УЕФА коэффициенттер рейтингінде 36-орынға көтерілді

Бегасыл Амирбай ··
«Астана» ФК

«Астана» ФК

Еурокубоктардың бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчтардан кейін Қазақстан УЕФА коэффициенттер рейтингінде 36-орынға көтерілді.

Алғашқы ұпайды ел чемпионы «Қайрат» алып келді. Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуде алматылық клуб Черногорияның «Сутьеска» командасын 2:1 есебімен жеңді. Одан кейін Конференциялар лигасында «Астана» сырт алаңда Албанияның «Динамо Сити» клубын 1:0 есебімен ұтса, семейлік «Елімай» Арменияның «Алашкерт» командасымен 1:1 есебімен тең түсті.

Осы нәтижелердің арқасында Қазақстан УЕФА коэффициенттер рейтингінде 11,500 көрсеткішімен 36-орынға көтерілді. Қазақстаннан жоғары Босния және Герцеговина (12,468) мен Косово (11,906) орналасқан. Ал ең жақын қуғыншылар қатарында Финляндия мен Латвия (екеуі де – 10,750), сондай-ақ Молдова (9,750) бар.

Айта кетейік, коэффициент клубтардың осы маусымдағы орташа жинаған ұпайлары мен алдыңғы төрт маусымдағы нәтижелері негізінде есептеледі. Егер көрсеткіштер тең болса, өткен маусымдағы коэффициенті жоғары қауымдастық алдыңғы орынға жайғасады.

Қарымта матчтар 16 шілде күні өтеді.

Қазақстан УЕФА коэффициенттер рейтингінде 36-орынға көтерілді – sport-hub