Қазақстан жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогындағы алғашқы матчта Францияға есе жіберді

ҚТФ
Қазақстанның теннис құрамасы Мысыр астанасы Каирде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогының финалдық кезеңіндегі жарыс жолын бастады. Турнирге 16 жасқа дейінгі теннисшілер қатысып жатыр.
Францияға қарсы кездесуде кортқа алғаш болып Ансар Ниеткалиев шықты. Қазақстандық теннисші Бенуа Гелдофқа қарсы тұра алмай, екі сетте де 3:6 есебімен жеңіліп қалды.
Осылайша, алғашқы матчтан кейін Франция құрамасы 1:0 есебімен алға шықты.
Каир (Мысыр). Жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогы. Финалдық кезең.
Ансар Ниеткалиев (Қазақстан) – Бенуа Гелдоф (Франция) – 3:6, 3:6.
Енді есепті теңестіруге Ахмади Маханов тырысады. Ол Пабло Прадатпен кездеседі. Қазақстандық теннисші жеңіске жетсе, командалық есеп 1:1 болады.
Айта кетейік, топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Франция, АҚШ және Үндістан командаларына қарсы ойнайды.