Басты бет
·
АО-2026

Қазақстандық байдаркашылар Азиада финалында төртінші орын алды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Никита Басов

Фото: Никита Басов

Бекарыс Раматулла мен Дмитрий Холмогоров Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарында жүлдеге бір қадам қалды. Қазақстандық экипаж байдарка-екіліктер арасындағы финалда төртінші орын иеленді.

500 метр қашықтықта Раматулла мен Холмогоров 1 минут 35,365 секунд нәтиже көрсетті. Қазақстандықтарға қола жүлдеге жету үшін екі жарым секундқа жетпейтін уақыт жетіспеді.

Алтын медальді оңтүстіккореялық Чо Гван Хи мен Ким Хёбин (1:31.859) жеңіп алды. Жапониялық Тайси Танада мен Масая Танака 1:32.176 нәтижесімен күміс жүлдеге ие болды. Ал ирандық Али Агамирзаеидженагард пен Пейман Гавидел Сиах Софиани (1:32.869) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Раматулла мен Холмогоров осы маусымда байдарка-екіліктер арасындағы 500 метрлік қашықтықта ірі халықаралық жарыста жүлде алған. 2026 жылғы Хэфэйде өткен Азия чемпионатында олар 1:32.535 нәтижесімен қола медаль жеңіп алды. Сол жарыста Раматулла жекелей сында күміс жүлдегер атанды.

Еске салайық, Азиада-2026 Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтуде. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.