Басты бет
·
АО-2026

Қазақстандық балуан Азия ойындарында 1/8 финалда жапониялықтан жеңілді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Владислав Семенов

Фото: Владислав Семенов

Ернұр Фидахметов 2026 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы белдесуін жеңіліспен бастады.

60 келіге дейінгі салмақтағы 1/8 финалда Фидахметов жапониялық Аята Сузукиден жеңілді. Қарсыласы белдесуді мерзімінен бұрын 9:0 есебімен аяқтады. Ширек финалда Сузуки өзбекстандық Алишер Ғаниевпен кездеседі. Егер жапониялық балуан финалға шықса, Фидахметов жұбаныш белдесулері арқылы қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алады.

Осы маусымда Фидахметов Будапештте өткен рейтингтік турнирде сәтті өнер көрсетті. Қазақстандық балуан қатарынан үш қарсыласын жеңгенімен, жарақатына байланысты финалдық белдесуге шықпады.

Еске салайық, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.

Қазақстандық балуан Азия ойындарында 1/8 финалда жапониялықтан жеңілді – sport-hub