Қазақстандық балуандар Түркиядағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды

Аружан Талғат··
Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

Қазақстандық балуандар Түркияның Коджаэли қаласында өткен еркін және грек-рим күресінен халықаралық турнирде сәтті өнер көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша отандық құрама қоржынына үш медаль түсті: екі күміс және бір қола.

Грек-рим күресінде 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бақытжан Қабдыл күміс жүлдегер атанды.

Еркін күресте 61 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Алан Оралбек те күміс медаль жеңіп алды. Ал 79 келіге дейінгі салмақта Диас Сағдатов қола жүлдеге ие болды. Жалпы турнирге 24 елден 433 спортшы қатысты.