Қазақстандық балуандар U23 Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бегасыл Амирбай ··
Фото: спортшының жеке мұрағатынан

Фото: спортшының жеке мұрағатынан

Қазақстан құрамасының еркін күрес шеберлері Нұрданат Айтанов пен Ерхан Әбіл Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

61 келіге дейінгі салмақта Айтанов турнирді ширек финалдан бастады. Бұл кезеңде ол Шри-Ланка өкілі Аеша Михидукуласурияны 10:0 есебімен жеңді. Финал жолдамасы үшін қазақстандық балуан қырғызстандық Иухан Доктурбек уулумен белдеседі.

79 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Ерхан Әбіл де жарысты ширек финалдан бастады. Қазақстандық спортшы түрікменстандық Солтан Бегенжевті 12:2 есебімен жеңді. Жартылай финалда Әбіл турнир қожайыны Ван Нгуенге қарсы белдеседі.

Күрестен U23 Азия чемпионаты 23-31 мамыр аралығында Дананг қаласында өтіп жатыр.

Қазақстандық балуандар U23 Азия чемпионатының жартылай финалына шықты – sport-hub