Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Бөлісу

Фото: telegram_Спорт министрі
Қазақстандық боксшы Мәдира Жұмақан Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының ширек финалынан сәтті өтті.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық былғары қолғап шебері вьетнамдық Зи Нгуенмен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек екінші раундта Мәдира Жұмақанның техникалық нокаутпен жеңісімен аяқталды. Осы нәтижесінің арқасында ол турнирдің жартылай финалына жолдама алып, кемінде қола жүлдені өзіне қамтамасыз етті.
Еске салайық, бокстан Азия чемпионаты 3–16 шілде аралығында Джакартада өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге 26 елден 400-ден астам боксшы қатысуда. Қазақстан құрамасы атынан турнирге 39 спортшы тіркелген.