Ұлжан Сәрсенбек Қазақстанға Азия чемпионатының медалін қамтамасыз етті

Аружан Талгат··
ҚБФ

ҚБФ

Қазақстандық боксшы Ұлжан Сәрсенбек Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жастар мен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында ширек финал кезеңінен сәтті өтті.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық спортшы Жапония өкілі Рико Ямадамен кездесіп, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Осы жетістіктің арқасында Сәрсенбек турнирдің жартылай финалына шығып, кем дегенде құрлық біріншілігінің қола медалін қамтамасыз етті.

Ұлжан Сәрсенбек Қазақстанға Азия чемпионатының медалін қамтамасыз етті – sport-hub