Қазақстандық боксшы Марал Төлепберген Азия чемпионатының ширек финалында тоқтады
Бөлісу

Фото: kazboxing
Қазақстан өкілі Марал Төлепберген Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады.
U19 санатындағы 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалда Төлепберген Үндістан спортшысы Джойшири Деви Широмен кездесті.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан жеңісті үндістандық боксшыға берді (5:0). Осылайша, Марал Төлепберген турнирдегі жарыс жолын аяқтады.
Еске сала кетейік, бокстан Азия чемпионаты Джакартада 3–16 шілде аралығында өтуде. Жарысқа 26 елден 400-ден астам боксшы қатысуда. Қазақстан құрамасы сапында турнирге 39 спортшы тіркелген.