Қазақстандық боксшы Жадыра Қалтай Азия чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады

Бегасыл Амирбай ··
Фото: kazboxing

Фото: kazboxing

Қазақстандық боксшы Жадыра Қалтай Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатындағы өнерін аяқтады.

19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Қалтай Үндістан өкілі Чандрика Бхореши Пужаримен кездесті.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан үндістандық спортшыға берді – 5:0. Осылайша, Жадыра Қалтай турнирдегі жарыс жолын ширек финалда аяқтады.

Еске салайық, бокстан Азия чемпионаты 3–16 шілде аралығында Джакартада өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы сапында турнирге 39 спортшы қатысуда.

Қазақстандық боксшы Жадыра Қалтай Азия чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады – sport-hub