Басты бет
·
Басқа спорт түрлері

Қазақстандық екі спортшы Пара Азия ойындарында жүлдегер атанды

Бекарыс Әлімхан··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстандық парапауэрлифтингшілер Алина Солодухина мен Айжан Берімқұлова 2026 жылғы Азия Пара ойындарында күміс және қола медаль жеңіп алды. Жарыс Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатыр.

45 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Алина Солодухина 103 келі зілтемірді көтеріп, күміс жүлдеге ие болды. Ал Айжан Берімқұлова 101 келі нәтижемен үшінші орынға тұрақтады. Екі спортшының нәтижесі арасындағы айырмашылық екі келіні құрады.

Айта кетейік, қазақстандық спортшылар бұған дейін де халықаралық жарыстарда жүлдеге ие болған. 2023 жылы Алина Солодухина Грузияның Тбилиси қаласында өткен Әлем кубогында 45 келіге дейінгі салмақта 92 келі көтеріп, күміс медаль жеңіп алды. Сол жарыста Айжан Берімқұлова 50 келіге дейінгі салмақта 74 келі нәтижемен екінші орынға тұрақтаған еді.

Еске салайық, Азия Пара ойындары 18–24 қазан аралығында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді.