Басты бет
·
Басқа спорт түрлері

Қазақстандық Ева Тациева жасөспірімдер Олимпиадасында 15-орын алды

Али Асетов··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстандық спортшы Ева Тациева Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында спорттық гимнастикадан көпсайыстың финалында өнер көрсетті.

Шешуші кезеңде гимнастшылар төрт жаттығу бойынша сынға түсті. Тациева төрешілердің бағалауы бойынша 47,432 ұпай жинап, жарысты 15-орынмен аяқтады.

Алтын медальді 54,665 ұпай жинаған ресейлік Полина Дмитриева жеңіп алды. Екінші орынға франциялық Луана Плиссон (53,665 ұпай) тұрақтаса, қола жүлдені қытайлық Ци Чжон (53,199 ұпай) иеленді.

Бұған дейін Ева Тациева іріктеу кезеңінде 47,866 ұпай жинап, 21-орын алған болатын. Алайда турнир ережесіне сәйкес, финалдық көпсайыста бір елден ең көп дегенде екі гимнастшы ғана өнер көрсете алады. Осыған байланысты қазақстандық спортшы финалға жолдама алды.

Осылайша, Ева Тациева жасөспірімдер Олимпиадасындағы өнерін көпсайыс бойынша үздік 15 гимнастшының қатарында аяқтады.