Қазақстандық семсерлесу шеберлері Әлем кубогы кезеңінде үздік бестікке енді
Бөлісу

Фото: ҚР ҰОК
Қазақстанның шпагамен семсерлесу құрамасы Швейцария қаласы Бернде өткен Әлем кубогы кезеңінде бесінші орын алды.
Командалық жарыста қазақстандық шпагашылар турнирдің ширек финалына дейін жетті. Жарыс барысында Қазақстан құрамасы Бразилияны 44:22, ал АҚШ құрамасын 45:39 есебімен қапы қалдырды.
Ширек финалда қазақстандық спортшылар Швейцария құрамасына 36:38 есебімен жол берді. 5-8 орындар үшін өткен кездесулерде Қазақстан Мысырды 41:26 және Гонконгты 36:35 есебімен жеңіп, турнирді бесінші орынмен аяқтады.
Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан намысын Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Никита Жулинский және Кирилл Проходов қорғады.