Басты бет
·
Басқа спорт түрлері

Қазақстандық семсерлесушілер Швейцариядағы әлем кубогы кезеңіне қатысады

Каирбек Тулегенов ··
ДРС

ДРС

12-14 қараша аралығында Швейцарияның Берн қаласында ерлер арасында семсерлесуден (шпага) әлем кубогының кезеңі өтеді.

Қазақстан құрамасы жекелей және командалық жарыстарда бақ сынайды.

Жекелей сында ел намысын Эльмир Әлімжанов, Александр Федотов, Ансар Қасен, Руслан Құрбанов, Богдан Лукин, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов және Георгий Тинников қорғайды.

Ал командалық жарыста Эльмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов өнер көрсетеді.

Айта кетейік, қазан айында Қазақстанның ерлер құрамасы Марокконың Касабланка қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде топ жарған болатын. Осы жеңістің арқасында отандастарымыз тарихта алғаш рет әлемдік рейтингте көш бастады.

Қазақстандық семсерлесушілер Швейцариядағы әлем кубогы кезеңіне қатысады – sport-hub