Қазақстандық спортшы биіктікке секіруден Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды

Фото: Сали Сабиров
Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Овчинникова 2026 жылғы Азия ойындарында биіктікке секіруден күміс медаль жеңіп алды.
Финалда спортшы 1,87 метр биіктікті бағындырып, қорытынды хаттамада екінші орынға ие болды.
Жарыс жеңімпазы Өзбекстан өкілі Барнохон Сайфуллаева атанды. Ол 1,90 метр нәтижемен алтын медаль жеңіп алды.
Қола жүлде 1,84 метр биіктікті бағындырған Үндістан спортшысы Пуджаға бұйырды.
Қазақстанның тағы бір өкілі Надежда Дубовицкая финалды бесінші орында аяқтады.