Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты
Бөлісу

ҚТФ
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Талса қаласында өтіп жатқан ITF M25 турнирінде қытайлық Цзе Цуйді жеңіп, ширек финалға жолдама алды.
Кездесу 3 сағат 18 минутқа созылып, қазақстандық спортшының ерік-жігерінің арқасында 4:6, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен аяқталды. Жартылай финалға шығу үшін Дмитрий Попко америкалық Андрес Мартинмен (ATP рейтингінде 314-орын) кездеседі.
Еске сала кетейік, Дмитрий Попко ITF турнирлерінде 34 титулдың иегері және қазіргі таңда ATP рейтингінде 689-орында тұр.