Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің екінші айналымына жетіп тоқтады
Бөлісу

Фото: ҚТФ
Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Қытайдың Луань қаласында өтіп жатқан ITF M15 турниріндегі өнерін аяқтады.
Жарыстың екінші айналымында қазақстандық спортшы аустралиялық Лаклан Макфадзеанға үш сет қорытындысы бойынша есе жіберді — 6:4, 3:6, 4:6.
Кездесу хард жабынында өтті. Матч барысында Ломакин бес эйс жасап, бес рет қосар қателікке жол берді. Сонымен қатар қазақстандық теннисші қарсыласының тоғыз геймінде жеңіске жетті.
Қазір Григорий Ломакин ATP рейтиңінде 895-орында тұр.