Қазақстандық теннисші Вьетнамдағы «Челленджер» турнирінде жеңілді

Бекарыс Әлімхан··
ҚТФ

ҚТФ

Әлемнің 906-ракеткасы Григорий Ломакин ATP рейтингінде 268-орында тұрған Мэттью Деллаведовадан жеңіліп, Вьетнамның Фантхьет қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турниріндегі жарысты аяқтады.

Бірінші айналымдағы кездесу 2 сағат 22 минутқа созылып, австралиялық теннисшінің 4:6, 6:3, 6:3 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Григорий Ломакин алғашқы партияда жеңіске жеткенімен, кейін Деллаведова бастаманы өз қолына алып, қатарынан екі сетте басым түсті. Қазақстандық теннисші үш эйс жасап, үш рет қос қателік жіберді және тоғыз брейк-пойнттың бесеуін қайтарды. Ломакин мен Мэттью Деллаведова бұған дейін өзара кездеспеген.

Еске салайық, Ломакин іріктеу кезеңінен өтіп, негізгі сеткаға жолдама алған болатын. Фантхьеттегі турнир 14-20 қыркүйек аралығында өтеді және «Челленджер» санатына жатады. Жекелей сында жеңімпаз 50 рейтингтік ұпайға ие болады.