Басты бет
·
Футбол

Қазақстандық төрешілер Конференция лигасының матчына тағайындалды

Али Асетов··
ҚФФ

ҚФФ

Қазақстандық төрешілер бригадасы УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі Бельгияның «Гент» және Данияның «Орхус» командалары арасындағы матчқа қызмет көрсетеді.

Кездесу 15 қазанда Бельгияда өтеді. Матч Астана уақытымен 21:45-те басталады.

Бас төреші міндетін Булат Сариев атқарады. Оның қапталдағы көмекшілері Сергей Васютин мен Денис Лабашов болады. Төртінші төреші қызметіне Саят Қарабаев тағайындалды.

Бейнеқайталауды қарау жүйесіне (VAR) Испания өкілі Хуан Мартинес жауап береді. Оның көмекшісі ретінде қазақстандық маман Айдын Тассыбаев жұмыс істейді.

Айта кетейік, Сариев, Васютин және Лабашов осы маусымда еурокубок матчтарын өткізу тәжірибесіне ие.

Бұған дейін қазақстандық төрешілер Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде Швейцарияның «Тун» және Загребтің «Динамо» командалары арасындағы кездесуге қызмет көрсетті. Ол матч 1:1 есебімен аяқталды.

Сонымен қатар олар Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Солтүстік Македонияның «Шкендия» клубы мен Шотландияның «Хиберниан» командасы арасындағы ойында төрелік етті.

Қазақстандық төрешілер Конференция лигасының матчына тағайындалды – sport-hub