«Рига» «Қайратқа» қарсы ойынға Қазақстандағы скауттың көмегіне жүгінді

«Рига» ФК
Латвиялық «Рига» клубы алматылық «Қайратқа» қарсы матчқа дайындық барысында Қазақстандағы скауттың көмегін пайдаланды.
RSS.lv мәліметінше, клуб өкілі қазақстандық команданы тікелей бақылап, бапкерлер штабына қарсылас туралы қосымша ақпарат берген.
«Қайратпен» кездесер алдында «Рига» құрамдық қиындықтарға тап болды. Жартылай қорғаушы Орландо Гало тізесіне ота жасатып, бірнеше апта бойы алаңға шыға алмайды. Соңғы матчта Кайу да жарақат алған. Ал Баба Муса әлі толық қалпына келген жоқ.
Латвия чемпионатында 32 матчтан кейін «Рига» 76 ұпаймен екінші орында келеді. Көш бастап тұрған РФШ клубынан бір ұпайға қалып отыр. Дегенмен, қарсыласы бір ойын кем өткізген.
Еске салайық, «Рига» мен «Қайрат» арасындағы матч 15 қазанда «Сконто» стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 21:45-те басталады. Бұл екі команда үшін де Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы матч болмақ.