Қазақстандық триатлоншылар Қытайдағы әлемдік серия кезеңіне қатысады
Бөлісу

ҚР ҰОК
Қазақстандық триатлоншылар Арлан Жанабай мен Аян Бейсенбаев 29 тамызда Қытайдың Вэйхай қаласында өтетін әлемдік серия кезеңіне қатысушылардың алдын ала тізіміне енді.
Маусым айында Бейсенбаев Астанада өткен Азия кубогының үйдегі кезеңінде жеңіске жетті. Қазақстандық спортшы қашықтықты 54 минут 5 секундта бағындырды.
Ал Жанабай тамыз айында Түркістанда өткен Азия кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды. Қазақстандық спортшы 1 сағат 47 минут 7 секунд нәтиже көрсетіп, ресейлік Роман Минеевтен кейін мәреге екінші болып келді.