Қазақстандық ватерполшылар U19 Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері атанды

Аружан Талғат··
Фото: qaz_team_official

Фото: qaz_team_official

Бангкок қаласында су спорты түрлерінен Азия чемпионаты аясында 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы ерлер арасындағы су добы турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасы турнирді сенімді өткізіп, күміс жүлдеге ие болды.

Жарыс барысында қазақстандық команда тұрақты әрі сенімді ойын көрсетті. Алдымен Гонконгты (23:3), Шри-Ланканы (32:2) және турнир қожайындары Таиландты (22:2) ірі есеппен жеңді. Одан кейін Иранды (11:5), Өзбекстанды (22:8) және Сингапурды (15:9) ұтып, финалға жолдама алды.

Финалда Қазақстан құрамасы Жапониямен кездесті. Тартысты өткен ойында жапониялық ватерполшылар 12:8 есебімен жеңіске жетіп, қазақстандықтар турнирді күміс жүлдемен аяқтады.

Қола медаль Қытай құрамасына бұйырды. Үшінші орын үшін өткен матчта олар Сингапурдан басым түсті.