Қазақстандық велошабандоздар Канададағы турнирде жүлде иеленді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: kcfkz

Фото: kcfkz

«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары Канадада өткен халықаралық Tour de l’Abitibi көпкүндік веложарысына қатысты.

14-19 шілде аралығында Канаданың Валь-д’Ор және Руэн-Норанда қалаларында UCI Nations Cup сериясына кіретін халықаралық көпкүндік жарыс өтті.

Алты кезеңнің қорытындысы бойынша қазақстандық Глеб Новиков жалпы есепте күміс жүлдегер атанды. Қалған спортшылар арасынан Мұрат Күйтенов 14-орын, Альмир Валиев 18-орын, Павел Подлужный 28-орын, ал Данил Третьяков 38-орын иеленді.

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы командалық есепте қола жүлдеге қол жеткізді.

Глеб Новиков үздік жас шабандоздар классификациясында да екінші орын алды. Жарыстың жекелеген кезеңдерінде ол екінші кезеңде үшінші болып мәреге жетсе, төртінші кезеңде екінші орын иеленді.

Қазақстан құрамасына тағы бір жүлдені Альмир Валиев әкелді. Ол жарыстың бесінші кезеңінде үшінші орын алды.