Басты бет
·
Волейбол

Қазақстандық волейболшылар жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалына бір қадам жетпей қалды

Дина Хамзина··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қазақстанның жағажай волейболынан ерлер құрамасы Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасындағы жарысын аяқтады.

1/8 финалда Оразали Сағыныш пен Әлихан Ағабек Иран өкілдері Амирреза Джамшиди Халкиасари мен Амин Вакилимeн кездесті.

Үш сетке созылған тартысты матчты қазақстандықтар сәтті бастап, алғашқы партияда 21:19 есебімен басым түсті.

Алайда екінші сетте ирандық жұп ойын тізгінін өз қолына алып, 21:12 есебімен жеңіске жетіп, матчтағы есепті теңестірді.

Ширек финал жолдамасы сарапқа салынған шешуші партияда да тартыс жоғары болды. Қазақстандықтар қарсылық көрсеткенімен, соңғы сәтте Иран құрамасының өкілдері 15:13 есебімен басым түсті.

Осылайша, кездесу 2:1 есебімен Иран жұбының пайдасына аяқталып, Оразали Сағыныш пен Әлихан Ағабек ширек финалға шыға алмады.

Еске салайық, топтық кезеңде Қазақстан дуэті С тобында екінші орын алып, плей-офф кезеңіне жолдама алған болатын. Бұған дейін отандастарымыз Сауд Арабиясы (21:13, 21:7) мен Гана (21:19, 21:13) құрамаларын жеңген еді.

2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасы. Дакар. Жағажай волейболы. Ерлер. 1/8 финал

Қазақстан (Оразали Сағыныш / Әлихан Ағабек) – Иран (Амирреза Джамшиди Халкиасари / Амин Вакили) – 1:2 (21:19, 12:21, 13:15).