Қазақстандық жүзгіш жасөспірімдер Олимпиадасының финалына шықты

ҚР ҰОК
Қазақстандық Анатолий Руденко Сенегалда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден үздік сегіз спортшының қатарына енді.
Іріктеу кезеңінде отандасымыз 100 метр қашықтықты 1 минут 4,12 секундта жүзіп өтті. Бұл нәтиже оған өз тобында үшінші, ал барлық қатысушы арасында сегізінші орын алуға мүмкіндік берді.
Енді Руденко 3 қараша күні Дакар қаласында өтетін финалдық жүзуде бақ сынайды.
Еске салайық, Қазақстанға жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы алтын жүлдені дзюдошы Фатима Супығалиева әкелген еді. Ол финалда португалиялық София Гаспарды иппон әдісімен жеңді.