Жасөспірімдер Олимпиадасының жүзу сайысында Қазақстан медальсіз қалды

ҚР ҰОК
Қазақстандық жүзгіш Анатолий Руденко Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден финалға қатысты.
Қазақстан құрамасының өкілі аталған қашықтықта финалға жолдама алып, жарыстың үздік спортшыларымен жүлделерді сарапқа салды.
Шешуші кезеңде Руденко 200 метрді 2 минут 20,75 секундта жүзіп өтті. Бұл нәтиже отандасымызға алтыншы орын алуға мүмкіндік берді.
Жарыс жеңімпазы жапониялық Иори Миядзаки атанды. Ол мәреге 2 минут 12,33 секундта жетті.
Күміс жүлдені литвалық Домас Вилимас (2:13,50), ал қола медальді өзбекстандық Мұхаммадисмаил Рахмонов (2:15,79) иеленді.
Осылайша, Анатолий Руденко финалдық сайысты алтыншы орынмен аяқтады. Ол жеңімпаздан 8,42 секундқа, ал қола жүлдегерден 4,96 секундқа қалып қойды.
2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасы. Дакар. Жүзу. Ерлер. 200 метрге брасс әдісімен жүзу. Финал
1. Иори Миядзаки (Жапония) – 2:12,33.
2. Домас Вилимас (Литва) – 2:13,50.
3. Мұхаммадисмаил Рахмонов (Өзбекстан) – 2:15,79.
4. Анатолий Руденко (Қазақстан) – 2:20,75.