Қазақстандық жүзушілер Азия ойындарында аралас эстафетада жүлдеге таласады

Фото: Никита Басов
Қазақстанның жүзуден ұлттық құрамасы Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында 4×100 метрге аралас жүзуден эстафетаның финалына шықты.
Іріктеу кезеңінде Қазақстан сапынан Ксения Игнатова, Айбат Мырзамұратов, Әділбек Мусин және София Абубакирова өнер көрсетті. Қазақстандық төрттік іріктеу қорытындысы бойынша төртінші орын алып, жүлде үшін күресті жалғастырады. Финалдық жарыс 23 қыркүйек күні кешкі бағдарламада өтеді.
Бұған дейін ерлер құрамасы 4×100 метрге кешенді эстафетада жүлдеге бір қадам қалғанда тоқтаған еді. Александр Румынский, Айбат Мырзамұратов, Максим Сказобцов және Глеб Коваленя төртінші орын алды.
Ал Ксения Игнатова 200 метрге арқамен жүзуден жеке финалда алтыншы орын иеленді.
Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен оның астанасы Нагояда өтіп жатыр. Жарыс 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.