Қазақстандықтар Пәкістанда таеквондодан өткен турнирде чемпион атанды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: ҚР ҰОК

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық таеквондошылар Батырхан Төлеуғали мен Назым Махмутова Пәкістанның Лахор қаласында өткен President’s Cup турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

Төлеуғали 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Финалдық кездесуде қазақстандық спортшы өзбекстандық Ёдгорбек Джурабоевты жеңді. Ал Махмутова әйелдер арасындағы 87 келіге дейінгі салмақтағы финалда Сауд Арабиясының өкілі Дунья Бушуайбтан басым түсті.

Еске сала кетейік, бұған дейін турнирдің қола жүлдесін 49 келіге дейінгі салмақта Нұрай Бауржанова мен Рита Бакишева, сондай-ақ 63 келіге дейінгі салмақта Азим Ниязов иеленген болатын.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жарысты екі алтын және үш қола медальмен, жалпы бес жүлдемен аяқтады.