Қазақстан Пәкістандағы таэквондо турнирінде үшінші медалін жеңіп алды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: qaztkd

Фото: qaztkd

Қазақстандық таэквондошы Азим Ниязов Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатқан WT President’s Cup халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алды.

Ниязов 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын иеленді. Ал алтын медальді ирандық Мехди Хаджи, күміс жүлдені Оңтүстік Корея өкілі Чон У жеңіп алды.

Бұл медаль Қазақстан құрамасы үшін турнирдегі үшінші жүлде болды. Бұған дейін Нұрай Бауржанова мен Рита Бакишева әйелдер арасында 49 келіге дейінгі салмақта қола медаль еншілеген еді.

Еске сала кетейік, осы маусымда Ниязов Аликантеде өткен Spanish Open турнирінде де күміс жүлдегер атанған.

Лахордағы WT President’s Cup халықаралық турнирі 20 тамызда аяқталады.