Қазақстандықтар волейболдан Азия чемпионатында медаль үшін күресті жалғастырады

Бекарыс Әлімхан··
ҚР ҰОК

ҚР ҰОК

Қытайдың Шанло қаласында өтіп жатқан жағажай волейболынан Азия чемпионатында Қазақстанның үш жұбы 1/8 финалға жолдама алды.

Дмитрий Яковлев пен Абдулмажид Мохаммад өз топтарында үшінші орын алған үздік екі жұптың қатарына кірді. Осылайша, қазақстандықтар бірден 1/8 финалға жолдама алды. Олардың қарсыластары австралиялық Томас Ходжес пен Бен Худ болады.

Сергей Богату мен Кирилл Гурин жарысты қосымша кезең арқылы жалғастырды. Қазақстандықтар Катар өкілдері Мұса Әлкира мен Мұхаммед Ихабты 2:0 есебімен жеңді. Енді олар ширек финалға шығу үшін Шериф Юнус пен Ахмед Тиджанмен (Катар) кездеседі.

Әйелдер арасындағы турнирде қосымша кезеңде Қазақстанның екі командасы өзара кездесті. Лаура Кабулбекова мен Мерей Қожахмет Кристина Каримова және Екатерина Рюхованы 2:0 есебімен жеңді. 1/8 финалда қазақстандықтар қытайлық Ян Сюй мен Ся Синьиге қарсы ойнайды.

Айта кетейік, 1/8 финалдың барлық кездесуі 4 қыркүйекте өтеді. Турнир 6 қыркүйекте аяқталады.

Қазақстандықтар волейболдан Азия чемпионатында медаль үшін күресті жалғастырады – sport-hub