Басты бет
·
Теннис

Қазақстанның үздік жұптық теннисшісі Бейжіңдегі турнирден шығып қалды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Қазақстанның жұптық сында үздік теннисшісі Анна Данилина Бейжіңде өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдегі өнерін аяқтады.

Екінші айналымда Данилина мен АҚШ өкілі Дезире Кравчик Жаңа Зеландиядан келген Эрин Рутлифф пен Индонезия өкілі Алдила Сутджиадиден 4:6, 4:6 есебімен жеңілді. Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды.

Матч барысында қазақстандық-америкалық жұп үш эйс жасап, төрт қос қателікке жол берді және брейк-пойнттардың біреуін пайдаланды. Сонымен қатар олар өздерінің берген добындағы үш геймді қарсыластарына ұттырып қойды.

Айта кетейік, Данилина WTA рейтингінде жұптық сында алтыншы орында тұр және осы санатта Қазақстанның бірінші ракеткасы саналады.