Құламбаева мен Бхосале Антальядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты

ҚТФ
Жібек Құламбаева Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан WTA 125 санатындағы саз төсенішті турнирдегі өнерін жалғастырады.
Қазақстандық теннисші үндістандық Рутуджа Бхосалемен бірге жұптық бәсекенің ширек финалынан сәтті өтті.
Жартылай финал жолдамасы үшін халықаралық жұп Испания өкілдері Ирен Бурильо Эскорихуэла мен Лейре Ромеро Гормасқа қарсы ойнады. Құламбаева мен Бхосале қарсыластарына өз ойынын таңуға мүмкіндік бермей, кездесуді екі сетте аяқтады.
Бірінші сет толықтай қазақстандық-үндістандық жұптың бақылауында өтті. Испаниялық теннисшілер бірде-бір гейм жеңе алмады. Екінші партияда Бурильо Эскорихуэла мен Ромеро Гормас қарсылық көрсеткенімен, Құламбаева мен Бхосале жеңіске жетті – 6:0, 6:4.
Antalya 4 Chall. Жұптық разряд. (Әйелдер, 1/8 финал)
Бхосале/Құламбаева – Бурильо/Ромеро-Гормас – 6:0, 6:4
Жартылай финалда Құламбаева мен Бхосале Алевтина Ибрагимова / Ксения Зайцева – Софья Лансере / Елена Приданкина жұбы арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Антальядағы турнир 7 қыркүйекте басталып, 13 қыркүйекте аяқталады. Барлық матч саз төсенішті корттарда өтеді.