«Сенсең – бәрі мүмкін». Рыбакина тарихи жетістігіне қатысты пікір білдірді

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атануына қатысты пікір білдірді.

Ол жарияланымына тарихи жетістігіне арналған суретін қоса жариялаған.

«Сенсең – бәрі мүмкін! Қазақстан атынан өнер көрсетіп, тарих жазып, еліміздің алғашқы әлемнің бірінші ракеткасы атанғанымды мақтан тұтамын», – деп жазды Рыбакина Instagram парақшасында.

Еске салайық, қазақстандық теннисші US Open-2026 турнирінің ширек финалында қытайлық Чжэн Циньвэньді 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңгеннен кейін әлемдік рейтингте көш бастайтынын қамтамасыз етті. Жаңартылған рейтинг 14 қыркүйекте жарияланады.

Рыбакина жартылай финалда америкалық Кори Гауффпен кездеседі. Матч Қазақстан уақытымен 11 қыркүйек таңертең өтеді. Қарсыластар арасындағы өзара кездесулер есебі – 1:1.