Роберто Мартинес Португалия құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Бегасыл Амирбай ··
Фото: BBC Sport / Getty Images

Фото: BBC Sport / Getty Images

Португалия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Испаниядан 0:1 есебімен жеңілгеннен кейін қызметінен кететінін мәлімдеді.

Испаниялық маман Португалиядағы жұмысын жалғастырудың мәні жоқ екенін айтты.

«Бұл шешім әлем чемпионатына дейін қабылданды ма? Жоқ, толық қабылданды деп ойламаймын. Мен Португалияға әлем чемпионы атану үшін келдім. Егер бұл мақсат орындалмаса, жұмысты жалғастырудың еш мәні жоқ деп есептеймін.

Енді директорлар кеңесі мен федерация президентінің жаңа бапкерді таңдауына мүмкіндік бар. Президент менің жұмысыма әрдайым қолдау көрсетті. Бірақ келісімшартым бүгін аяқталады», – деді Мартинеске сілтеме жасаған Record басылымы.

Роберто Мартинес Португалия құрамасын 2023 жылдың қаңтар айынан бері жаттықтырды. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама 2025 жылы УЕФА Ұлттар лигасының жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, испаниялық маманның басшылығымен Португалия құрамасы 45 матч өткізіп, 32 жеңіске жетті, алты рет тең түсіп, жеті мәрте жеңіліс тапты.

2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде мәресіне жетеді.