«Ролан Гаррос» ерлер турнирінің жартылай финалдық жұптары анықталды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Андрей Ударцев

Фото: Андрей Ударцев

Францияның ашық чемпионатында ерлер арасындағы жекелей сынында жартылай финалға шыққан теннисшілер белгілі болды. Теннисшілер финал жолдамасын 5 маусым күні сарапқа салады.

Жартылай финал ойындарының бірінде Италияның екі өкілі Маттео Арнальди мен Флавио Коболли өзара мықтыны анықтайды. Екінші жұпта чехиялық Якуб Меншик пен германиялық Александр Зверев кортқа шығады.

Меншик жартылай финалға бразилиялық Жоао Фонсеканы жеңу арқылы жолдама алды. Ал Зверев ширек финалда испаниялық Рафаэль Ходардан басым түсті. Коболли канадалық Феликс Оже-Альяссимді жеңіп, турнирдің үздік төрттігіне енді. Ал Арнальди жерлесі Маттео Берреттиниді ұтып, жартылай финалға шықты.

«Ролан Гаррос» ерлер турнирінің жартылай финалдық жұптары анықталды – sport-hub