Роналду футболдан әлем чемпионаттарының антирекордын орнатты
Бөлісу

Фото: FPF
Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду футболдан әлем чемпионаттарының антирекордын орнатты.
OptaJoe мәліметінше, Роналду әлем чемпионаттарының плей-офф кезеңінде 10 матч өткізіп, ойыннан бірде-бір гол соқпаған тарихтағы алғашқы шабуылшы атанды.
41 жастағы форвардтың жалғыз голы 1/16 финалда Хорватияға қарсы ойында (2:1) пенальтиден соғылған. Осы жылғы мундиалда Португалия құрамасы 1/8 финалда Испаниядан 0:1 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады.
2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испания ұлттық футбол құрамасы мен Аргентина ұлттық футбол құрамасы кездеседі. Матч 20 шілдеде Қазақстан уақыты бойынша 00:00-де басталады.