Рыбакина WTA рейтингінде екінші орнын сақтап қалды

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Цинциннати турнирі аяқталғаннан кейін жаңартылған рейтингті жариялады.

Рейтинг көшін Беларусь өкілі Арина Соболенко 8575 ұпаймен сақтап қалды. Қазақстандық Елена Рыбакина 8141 ұпаймен екінші орында тұр. Одан кейін Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің финалистері Джессика Пегула (7265) мен Кори Гауфф (6704), сондай-ақ ресейлік Мирра Андреева (5443) орналасқан.

Қазақстанның басқа өкілдері арасында Юлия Путинцева 905 ұпаймен 80-орында тұр. Соня Жиенбаева 166 ұпаймен 384-орынға, Жібек Құламбаева 122 ұпаймен 472-орынға, Аружан Сағандықова 68 ұпаймен 652-орынға, Асылжан Арыстанбекова 57 ұпаймен 713-орынға жайғасты.

Жұптық разрядтағы WTA рейтингінде чехиялық Катержина Синякова 10 760 ұпаймен көш бастап тұр. Үздік алтылыққа америкалық Тейлор Таунсенд (8845), канадалық Габриэла Дабровски (7925), бразилиялық Луиза Стефани (7445) және сербиялық Александра Крунич (6895) кірді.

Қазақстандық Анна Данилина 6720 ұпаймен алтыншы орында келеді.

Рыбакина WTA рейтингінде екінші орнын сақтап қалды – sport-hub