Басты бет
·
Теннис

Рыбакина WTA рейтингінде көш бастады

Бекарыс Әлімхан··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина рейтингтің кезекті жаңартылуынан кейін WTA-дегі бірінші орнын сақтап қалды.

Әлемнің бірінші ракеткасының еншісінде 7 492 ұпай бар. Екінші орында — Арина Соболенко (6 485), үшінші орында — Джессика Пегула (5 825). Мирра Андреева 5 722 ұпаймен төртінші орынға көтеріліп, Кори Гауффты (5 654) басып озды. Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева бір саты төмендеп, 851 ұпаймен 59-орынға жайғасты.

Рыбакина АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісінің арқасында 2026 жылғы WTA қорытынды турниріне алғаш болып жолдама алды. Финалда ол Арина Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, Нью-Йорктегі алғашқы титулын иеленді және әлемдік рейтингте көш бастады.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші сонымен қатар WTA қорытынды турнирінің қазіргі чемпионы саналады. Өткен маусымдағы жарыс Эр-Риядта өткен болатын. Биыл маусымның үздік сегіз теннисшісі чемпиондық атақты Индиан-Уэллсте сарапқа салады.