Рыбакинаның Цинциннатидегі 1/8 финалдағы қарсыласы анықталды

Бегасыл Амирбай ··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің 1/8 финалындағы қарсыласын білді.

Ширек финалға шығу үшін қазақстандық теннисші әлемнің 14-ракеткасы Диана Шнайдермен кездеседі. Ресейлік теннисші үшінші айналымда польшалық Мая Хвалиньсканы 6:2, 7:6 (7:3) есебімен жеңді.

Кездесу 2 сағат 18 минутқа созылды. Шнайдер бір эйс жасап, қосарланған қателікке жол берген жоқ және 20 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Ал Хвалиньска бір эйс орындап, бір рет қосарланған қателік жіберді және бес брейк-пойнттың екеуін жүзеге асырды.

Бұл Шнайдер мен Хвалиньсканың арасындағы үшінші кездесу болды. Қазір жеке кездесулер есебінде Шнайдер 2:1 алда.

Бұған дейін ресейлік теннисші польшалық қарсыласын 2022 жылы Ыстамбұлдағы ITF W60 турнирінің жартылай финалында 6:4, 6:4 есебімен жеңген. Ал Хвалиньска 2026 жылғы «Ролан Гаррос» жартылай финалында 7:6, 6:4 есебімен реванш алды.

Ал Рыбакина мен Шнайдер бұған дейін бір рет кездескен. Биыл сәуір айында Штутгартта өткен WTA-500 турнирінің екінші айналымында қазақстандық теннисші 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жеткен.

Еске сала кетейік, Рыбакина Цинциннатидегі үшінші айналымда польшалық Магдалена Френхті 6:4, 7:6 есебімен жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды.