Рыбакинаның Цинциннатидегі WTA-1000 турниріндегі алғашқы қарсыласы анықталды

Фото: Jimmie48
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін WTA-1000 санатындағы турнирдегі алғашқы қарсыласы анықталды.
Әлемнің екінші ракеткасы жоғары нөмірлі спортшылар қатарына еніп, жарысты екінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы — WTA рейтингінде 94-орында тұрған Тейлор Таунсенд. Кездесу 15 тамызда өтеді және Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.
Бірінші айналымда америкалық теннисші Колумбия өкілі Камила Осорионы үш сетте 3:6, 6:3, 6:3 есебімен жеңді.
Рыбакина Цинциннатиге бұған дейін Торонто қаласында өткен WTA-1000 турнирінен кейін аттанды. Қазақстандық теннисші финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде польшалық Ига Швентекке 2:6, 3:6 есебімен есе жіберді.
Цинциннатидегі әйелдер арасындағы турнирдің жүлде қоры 7 433 076 долларды құрайды. Жекелей сында жеңімпаз 1 086 220 доллар сыйақы және 1000 рейтингтік ұпай алады.