Басты бет
·
Теннис

Рыбакинаның WTA қорытынды турниріндегі қарсыластары анықталды

Али Асетов··
Фото: Jimmie48

Фото: Jimmie48

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакинаның WTA қорытынды турниріндегі қарсыластары белгілі болды. Жарыс 8-15 қараша аралығында АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтеді.

Жеребе қорытындысы бойынша Рыбакина бірінші топқа түсті. Оның қарсыластары АҚШ өкілдері Кори Гауфф пен Джессика Пегула, сондай-ақ чехиялық Линда Носкова болады.

Ал екінші топта Беларусь өкілі Арина Соболенко, ресейлік Мирра Андреева, украиналық Элина Свитолина және Чехия теннисшісі Каролина Мухова бақ сынайды.

Топтық кезеңде әр теннисші үш матчтан өткізеді. Әр топтан үздік нәтиже көрсеткен екі спортшы жартылай финалға жолдама алады. Одан кейін финалға шығатын теннисшілер анықталады.

Еске салайық, 30 қазанда Елена Рыбакина Токиодағы турнирдің ширек финалында канадалық Лейла Фернандеске қарсы матчтан жарақатына байланысты бас тартқан еді.

Рыбакинаның WTA қорытынды турниріндегі қарсыластары анықталды – sport-hub