Салах Мессидің деңгейіне жоғары баға берді

Фото: EFA
Мысыр құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Мұхамед Салах 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Аргентинадан 2:3 есебімен жеңілген матчқа пікір білдірді.
Мысырлық футболшы Аргентина капитаны Лионель Мессидің ойын тағдырын шешудегі рөлін ерекше атап өтті.
«Біз қолдан келгеннің бәрін жасадық. Бірақ Месси деген жігіт бар. Ол кез келген сәтте ойынның бағытын өзгертіп, жалғыз өзі жеңіс сыйлай алады. Мессидің деңгейі басқа футболшылардан әлдеқайда жоғары. Мұны мойындауым керек», – деді Салах.
Енді Аргентина құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында Швейцариямен кездеседі. Швейцариялықтар 1/8 финалда Колумбияны негізгі және қосымша уақытта 0:0 есебімен тең түскеннен кейін, пенальти сериясында 4:3 есебімен жеңген болатын.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалы 19 шілдеде болады.