Басты бет
·
Хоккей

«Салават Юлаев» – «Барыс»: ҚХЛ матчының тікелей трансляциясы

Бекарыс Әлімхан··
«Барыс» ХК

«Барыс» ХК

Бүгін, 18 қарашада астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында сырт алаңда Уфаның «Салават Юлаев» командасымен кездеседі.

Матч «Уфа-Аренада» өтіп, Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді. Сондай-ақ ойынның негізгі оқиғаларын Sport-hub.kz Telegram арнасынан бақылауға болады.

Кездесу алдында «Барыс» 26 матчта 29 ұпай жинап, Шығыс конференциясында бесінші орында тұр. Ал «Салават Юлаев» 27 ойыннан кейін 28 ұпаймен сегізінші сатыға жайғасқан. Екі команданың арасын небәрі бір ұпай бөліп тұр.

Михаил Кравец шәкірттері соңғы екі матчта жеңіске жетті. Астаналықтар алдымен «Адмиралды» (4:2), кейін Шығыс конференциясының көшбасшысы «Металлургті» (5:4) жеңді.

Ал уфалықтар өткен кездесуде «Адмиралдан» 6:5 есебімен басым түсіп, екі матчқа созылған жеңіліс сериясын тоқтатты.

Биылғы маусымда қос команда 9 қыркүйекте Астанада кездескен. Ол ойында «Барыс» 8:6 есебімен жеңіске жеткен еді.

Жалпы ҚХЛ тарихында қарсыластар 68 рет кездескен. Оның 41-інде «Салават Юлаев», 27-сінде «Барыс» жеңіске жеткен.

«Барыстың» үздік бомбардирі – Джастин Бэйли. Ол 26 матчта 27 ұпай (16 шайба, 11 нәтижелі пас) жинаған. Ал уфалықтардың көшбасшысы Шелдон Ремпалдың еншісінде 24 ұпай (11+13) бар.

ҚХЛ. Тұрақты чемпионат

«Салават Юлаев» – «Барыс»

18 қараша, 19:00 (Қазақстан уақыты)

Тікелей эфир: Qazsport.

«Салават Юлаев» – «Барыс»: ҚХЛ матчының тікелей трансляциясы – sport-hub