Басты бет
·
Хоккей

«Сан-Хосе» ҰХЛ матчында «Айлендерсті» буллит сериясында жеңді

Дина Хамзина··
Фото: Kavin Mistry/NHLI via Getty Images

Фото: Kavin Mistry/NHLI via Getty Images

«Сан-Хосе Шаркс» Ұлттық хоккей лигасының (ҰХЛ) тұрақты чемпионатында «Нью-Йорк Айлендерсті» буллит сериясында 3:2 есебімен жеңіп, бес матчқа созылған жеңіліс сериясын тоқтатты.

10 қарашада Сан-Хосе қаласындағы SAP Center аренасында өткен кездесуде есепті қонақтар ашты. Бірінші кезеңнің жетінші минутында Бен Хаттон Симон Хольмстрём мен Бо Хорваттың нәтижелі пастарынан кейін шайба соқты.

Алайда алғашқы үзіліске дейін алаң иелері таразы басын теңестірді. «Сан-Хосе» сапынан Ивар Стенберг мергендік танытты.

Екінші кезеңнің басында «Айлендерс» қайтадан алға шықты. 22-минутта Виктор Эклунд сан басымдығын пайдаланып, Брэйден Шенн мен Мэттью Шефердің көмегімен командасының екінші шайбасын соқты.

33-минутта Тайлер Тоффоли Дмитрий Орлов пен Эрик Полкамптың нәтижелі пастарынан кейін есепті 2:2-ге жеткізді.

Үшінші кезеңде командалар гол соға алмады. Негізгі уақыт тең аяқталып, овертаймда да жеңімпаз анықталған жоқ.

Ал матчтан кейінгі буллит сериясында «Сан-Хосе» хоккейшілері дәлірек болып, жеңісті жұлып алды.

Осылайша «Сан-Хосе Шаркс» қатарынан бес матчта жеңілген сериясын тоқтатты. Ал «Нью-Йорк Айлендерстің» жеңіссіз сериясы төрт кездесуге жетті.

ҰХЛ. Тұрақты чемпионат

«Сан-Хосе Шаркс» – «Нью-Йорк Айлендерс» – 3:2 (буллит сериясында).