«Семей» бірден «Қайрат» пен Қазақстан құрамасының екі көшбасшысымен күшейді
Бөлісу

Фото: fcsemey
Футзалдан «Семей» клубы жаңа маусым қарсаңында құрамын күшейтуді жалғастыруда. Клуб Қазақстан футзалының танымал екі ойыншысымен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады. Олар алматылық «Қайраттың» капитаны Біржан Оразов және ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі Даурен Тұрсағұлов.
Оразов соңғы жылдары елдегі ең жарқын ойыншылардың бірі саналады. Ол 2022 жылғы Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені атанып, Қазақстан чемпионаты мен Кубогын бірнеше мәрте жеңіп алған. Сонымен қатар ұлттық құраманың сапында ірі халықаралық турнирлерде өнер көрсеткен.